Шетелдіктер Димашты вьетнам, ал Қанат Исламды қытай деп ойлаған (видео)
Шетелде жүрген қазақстандық блогер қызықты тәжірибе жасады. Ол қазақтың танымал деген азаматтарының суретін көрсетіп, шетелдіктерден олардың қай елден болуы мүмкін екенін сұрады. Тіпті, қатысушыларды қызықтыра түсу үшін кем дегенде бір азаматты дәл тапқан жағдайда 20 фунт (шамамен 8-9 мың теңге) ақша беретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Сауалнамаға қатысқан шетелдіктер боксшы Қанат Исламды қытай, кәріс, въетнам, жапон, филиппин халықтарына, ал Димашты қытай, въетнам, кәріс, иран ұлтына ұқсатты. Атышулы “Ninety one” тобының жігіттеріне бірауыздар “кәріс” деп баға берді.
Ал Берік Айтжанов пен Әли Оқаповты еуропалықтарға көбірек ұқсатып, таңғалдырды.
Сондай-ақ, блогер шетелдіктерге Санжар Мәдиев пен Ерден Телемисовтің суретін көрсетті. Алайда бірде бір шетелдік дұрыс жауап бермеді. Жігіттердің Қазақстаннан екенін білгенде қатысушылардың таңырқап қалғанын айта кетейік.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген