Шетелдіктер үшін Қазақстанда ЖСН алу рәсімін жеңілдету жоспарланып отыр

Қазақстанда шетел азаматтарына көші-қон қызметінің бірқатарын онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беретін QazETA мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Мұны Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, қосымша арқылы шетел азаматтары смартфон көмегімен жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ала алады. Қазір осыған қажет заңнамалық түзетулер сенаттың қарауында.
ОқыңызСонымен қатар Ержан Сәденов халықаралық әуежайлар мен ірі шекаралық өткізу бекеттерінде шетел азаматтарына QR-коды бар туристік карталар таратылып жатқанын айтты. Бұл карталарда Қазақстан аумағында болу ережелері, төтенше жағдай қызметтері мен ұялы байланыс операторлары туралы ақпарат қамтылған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтардың сатып алған медициналық чектерінде енді ЖСН-і көрсетіліп тұратынын жазған едік.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"