Серікбол Сайлаубек: Арманым - мына әлемді екі көзіммен бір сәт болса да көрсем деймін

Дүниеде ең бай адам - дені сау адам. Әлемде екі көзімен көрсе алса, екі қолы, екі аяғы сау болса, сөйлейтін тілі болса, жалпы алғанда он екі мүшесі сау болса, одан асқан байлық жоқ. Өмірге әкелген сәтінен бастап мына жарық дүниені бір көзімен ғана әлсін-әлсін көріп келген әнші Серікбол Сайлаубектің ойы осындай. 

Серікбол Сайлаубек: Арманым - мына әлемді екі көзіммен бір сәт болса да көрсем деймін

Бұл туралы әнші "Талантым-тағдырым" бағдарламасында айтты. 

Серікбол Сайлаубек үнемі ел алдында қара көзілдірікпен жүреді. Оған себеп те жоқ емес. Тумысынан бір көзі көрмейді. Екінші көзі бұлдырлап көреді. Жақын күндері әнші көзіне үшінші рет ота жасатпақ. Ота сәтті өтсе, бір көзі 80 пайызға көру қабелітіне ие болады. 

"Бала күнімнен бір көзім ғана көреді. Оның өзіне хрусталь салдырып, 30 пайызға көріп келді. Ауыр күш түсіп кеткеннен, көзімдегі хрусталь орнынан жылжып, көз жанарымды жыртып кеткен. Сол кезде мына әлемді 5 күн көрмей зағип болып қалдым. Бес күн менің бес күндік өмірімдей болды. Бір ғасырдай болды. Мен бес күнде күйзеліске түстім. Арманымның бәрі осымен тоқтады, мен енді ешнәрсе көрмеймін деп ойладым. Әнші кезімде жанымнан шықпай жүрген достарымның бірі келген жоқ. Менің жағдайымды естіп, зағип жандар келді. Шымкенттен екі көзі көрмейтін зағип жан келді. Қажы кісілер келді. Маған басу айтты. Зағип жан мен он екі мүшесі сау, көзі көретін адамның жандүниесі екеуі мүлде екі бөлек болады екен. Менің көзқарасым басқа. Қазір әлемге басқаша қараймын", - деді әнші. 

Серікбол Сайлаубектің айтуынша, арманы - әлемді, күн сәулесін екі көзімен аздаған уақыт қана көру. 

"Екі көзі көретін адам, дені сау адам өзінің қаншалықты бай екенін білмейді. Мені ақшасы бар, атағы бар, көлігі бар, бай адам деп ойлауы мүмкін. Мен жартылай ғана бай адаммын. Себебі мен әлемді екі көзіммен анық көрген адам емеспін. Дені сау - адам ең бай адам. Бес күн зағиптің күнін кештім. Ол кез маған сынақ болды", - деді ол. 

Әнші алдағы уақытта Алматы қаласында концерт беруді жоспарлап отыр. Концертімде алдыңғы қатарда әкім емес, зағип жандар отырады дейді ол.

"Алдағы уақытта Алла қаласа концерт берем деп отырмын. Ол кезде мүлде бөлек Серікбол өнер көрсетеді. Бұрынғыдан да жарқын әнші болады. Өзгерген, көзқарасы басқа әнші болады. Алдыңғы қатарда әкім емес, зағип жандар отырады. Әндерім де басқа болады. Басқа Серікболды көресіздер", - деді әнші. 


Оқи отырыңыз

"Ол адам емес, шайтан, қолыма түссе басын кесемін": Серікбол Сайлаубек досы туралы шындықты айтты

Серікбол Сайлаубек алғаш рет балалары мен жұбайын көрсетті


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр