Серік Сәпиев не себепті министрліктен кеткенін түсіндірді
Қазақстандық спортшы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев министрліктен кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол министрліктен кеткенімен, спортта қалатынын мәлімдеді.
"Мен спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен кетуге шешім қабылдадым. Қызмет еткен жылдарымда маған көмектескен барлық басшылар мен әріптестерге ризашылығымды білдіремін! Мен спортта қаламын", – деп жазды ол.
Осыған дейін Сәпиев мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы қызметінен өз еркімен кеткені белгілі болды.
Сондай-ақ Сәпиевтің басқа қызметке орналасатыны айтылды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар