Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Парламент Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Патриот порталына сілтеме жасап.

Қылмыстық істің қозғалғанын арнаға Астана полиция департаменті бастығының орынбасары Мұратжан Шәкеров айтып берді.
"Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", - деді ол.
Депутат Гүлмира Кәрімова қайтыс болғаннан кейін-ақ парламент алдын ала себеп анафилактикалық шок деп ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Анафилактикалық шок - дененің бір екпеге немесе тамаққа аллергиясы.
Бірақ кейінірек денсаулық сақтау басқармасынан өлімнің инфаркттан болғаны туралы жаңа ресми мәлімдеме жасады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған