Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сен шаршаттың": Алматы облысында мұғалім мен 8-сынып оқушысы арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды

Алматы облысында оқушы мен химия пәнінің мұғалімі арасында жанжал болған. Оқиғаның видеосын 8-сынып оқушысының анасы жариялаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

мугалим мен окушы

Видеодан жасалған скрин

Әйелдің айтуынша, Алматы облысы Іле ауданындағы ауылдық мектептердің бірінде химия сабағында мұғалім оқушыны үйде дәптерін ұмытып кеткені үшін қолын көтеріп, айғайлаған. Дәлел ретінде әйел мұғалімнің даусын жоғары көтеріп сөйлеп, баланың қолынан ұстап, итеріп жіберген видеосын жариялаған. Ол бұл факті бойынша күйеуінің полицияға хабарласқанын жеткізген.

"Бір апта бұрын химия пәнінің мұғалімі балам сабаққа екі минут кешігіп барғаны үшін артынан бір теуіп, сыныптан шығарып жіберген. Бүкіл мектеп ұжымы мұғалімді жақтап отыр. Кейбір балалардың қылығы мұғалімнің ашуын тудырады. Менің ұлымның жүйке ауруына байланысты денесінде бөртпе пайда болды. Ұстаздардың оқушыға қарсы қол көтеруге құқығы жоқ деп санаймын", – дейді жәбірленген оқушының анасы.

Алматы облысының әкімдігі химия пәнінің мұғаліміне қатаң сөгіс жарияланып, Алматы облысы білім басқармасының комиссиясы жүргізген тексеруден кейін түсіндірме әңгіме жүргізілгенін мәлімдеді.



Осындай жағдайлар туындаған жағдайда мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары +7 707 170 67 27 нөміріне хабарласа алатыны айтылды.

Облыстық полиция 25 қаңтарда ауыл тұрғынының арызы қабылданғанын айтты.

"Аталған факті аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді. Мұғалімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен бірге кәмелетке толмаған баланың ата-анасының уәждері негізінде соңғы процессуалдық шешім қабылдау үшін сараптамалар тағайындалды", – делінген полиция таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бір мектептің оқушылары мен мұғалімдері жаппай уланып қалғанын жазған едік.

Талқылау