Бес жүкті әйел қамалып қалған: Семейде келіншек лифт ішінде босанды
Семейде облыстық перинаталдық орталықтың лифтінде техникалық ақауларға байланысты бес жүкті әйел қалып қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Abainews.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Лифт істен шыққан кезде бір әйелдің толғағы келген. Жанында тұрған әйел лифтте босануына көмектескен.
Лифтіде қалып қойған әйелдің анасы осы медициналық мекемеде акушер болып жұмыс істейді екен, бірақ сол кезде еңбек демалысында болған және онымен бірге серіктес боп босандыру үшін келген.
“Анам бір сағат бойы Семей қаласының перинаталдық орталығының лифтінде қалып қойса да, босандырып алды. Біз, бес жүкті әйел, осы уақыт ішінде болдық", – деді қызы.
Лифтіде Матвей есімді бала дүниеге келді. Облыстық перинаталдық орталық бұл оқиғаға түсініктеме бермеді.
"Өзімді қызбын деп шектеген емеспін": Қазақстандағы құтқару авиациясының жас ұшқышы қалай адамдарды құтқарып жүр
Ол – еліміздегі құтқару қызметінде тікұшақ басқаратын үш қыздың бірі
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан