"Сбербанк Қазақстанның" атауы "Береке банк" болып өзгереді
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев "Сбербанк Қазақстанның" атауы "Береке банк" болып өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шарлапаев бұл жайлы журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында айтты. Сөзінше, міндетті түрде ребрендинг жүреді. Ал меншік құқығын ауыстыру бойынша транзакция 1 қыркүйекте аяқталған.
"Жаңа банк "Береке банк" деп аталады. Қазақша жақсы сөз, мұны барлығымыз бір-бірімізге тілейміз. Сондықтан бұл банк бұған дейін жұмыс істеген құндылықтар мен ұмытылысты көрсетеді деп ойлаймын және әрі қарай да солай жұмыс істейді деп үміттенеміз", – деді ол.
2022 жылдың 2 қыркүйегінде "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің Сбердің еншілес банкінің барлық акцияларын сатып алу бойынша мәмілені аяқтағаны белгілі болды.
"Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалды және барлық қажетті реттеушілік мақұлдаулардан өтті", – делінген хабарламада.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"