Гүлзира Айдарбекова Қайратты "мамасының баласы" деп мазақ қылатындарға жауап берді
Мамасының баласы! Иә, 17 жасынан сахнаға шыққан Қайрат Нұртасқа бұл сөз сан мәрте айтылды. Анасы – продюсері болып қасында жүргендіктен, талай сынға іліккен хитмен ешкімнің сөзіне мән бермей келеді. Қолынан келгенше, анасына құрмет көрсетуге тырысады. Оған Гүлзира ханым да дән риза. Айдарбекова баласына сын айтқыш тыңдарман қауымға жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Продюсер ұлы сахнаға алғаш шыққан жылдары қасынан бір елі ажырамағанын айтады. Өйткені өмірде тәжірибесі жоқ балам елге сеніп, алданып қала ма деп қорықтым дейді. Ұлының өнердегі болашағына алаңдаған Гүлзира Үсенқызы, тіпті ұсақ-түйек жұмыстарды бір өзі атқарғанын еске алды.
"Тіптен ақшасын алғанымен жұлып тастапты, қыздар ұрлап кетіпті деп айта берген соң, көшеге түн жарымда ешкімге көрінбей шығып афишаларын да өзім жабыстыратынмын. Естеріңізде болса, жыл сайын 25-ші ақпан Республика сарайында туған күнін халықпен тойласын деп концертін жасайтынмын.
Қыс мезгілі болғандықтан аяздан афишалар не скотчпен не клеймен жабыспай, саусақтарым үсіп қалған кездерім де болған. Бірақ мені аяп жүректері ауырмасын деп не күйеуіме, не балама айтпайтынмын. Ана мен бала арасындағы құрмет кейбіреулерге ұнамай, қаншама жағымсыз сөздер айтылып, жазылып жатса да, ұлыма риза болғаным, керісінше: Менің анам деп жүрегі толы мақтанышпен, анаға деген құрметін жастарға паш етуден, үлгі болудан жалыққан жоқ. Кім не десе де ешбір бала анасын, аналар өз баласын жоғалтпасын!" – деп түйіндеді сөзін ол.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
