Қазақстандық ұшақта 45 минут кондиционерсіз отырғаны үшін FlyArystan әуе компаниясын сотқа берді
Шымкент әуежайында жолаушылар ұшақ ішінде салқындатқышсыз 45 минут отырған. Оқиға 9 шілдеде Шымкент–Алматы рейсі алдында болған. Жолаушылардың бірі Абылай Байтенов осы жағдайдан кейін FlyArystan әуе компаниясын сотқа берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мән-жайды Байтенов Threads парақшасында жазды. Оның айтуынша, жолаушылар ұшаққа шамамен сағат 17:00-де мінген. Алайда ұшақ бірден ұшып кетпей, адамдар салонда 45 минуттай отырған. Осы уақыт ішінде желдеткіш жұмыс істемеген.
“Болжамым бойынша, экипаж жолаушыларды ұшақтан шығармай ұстап отырған кезде желдеткіштегі ақауды жөндеуге тырысқан. Егер барлық жолаушыны қайтадан әуежайға шығарса, әуежай қызметіне, автобусқа, күту залына және қайта тексеруден өткізуге қосымша шығын кететін еді”, – деп жазды жолаушы.
Кейін жолаушыларды ұшақтан шығарып, әуежай ғимаратына кіргізген. Олар онда тағы бір сағаттай күткен. Үшақтан шығаруға бір науқастың жағдайының нашарлауы себеп болған.
“Соңында бізді әуежайға қайта шығарды. Сол жерде тағы бір сағат күттік. Оның үстіне жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлап, оған көмек көрсетуге тура келді”, – деп жазды Байтенов.
Ол күні ауа температурасы 36 градустан жоғары болған
Байтеновтің сөзінше, оқиға болған күні Шымкентте ауа температурасы +36 градустан жоғары болған. Ол бұл мәліметті "Қазгидрометтен" алынған жауаппен растауға тырысқан.
Шымкент метеостанциясының дерегіне сәйкес, 9 шілде күні сағат 17:00-де ауа температурасы +36,2 градус, ал сағат 20:00-де +36 градус болған.
Жолаушы бұл мәліметтерді сотта дәлел ретінде ұсынбақ. Сонымен қатар оқиға кезінде түсірілген видеолардың да сотта көрсетілетінін айтты.

Сот отырысы 20 қазанға белгіленген
Байтенов FlyArystan әуе компаниясына қатысты талап-арыз берген. Сот отырысы 20 қазанға белгіленген. Байтенов сотқа бейнежазбалар мен ауа температурасына қатысты деректерді ұсынуды жоспарлап отыр.
Байтеновтың айтуынша, тасымалдаушының соттағы ұстанымы болған жағдайдың заң бұзушылық емес екені және "мұндай жағдай бола береді" дегенге негізделген.
Ер адам бұған дейін де әуе тасымалдаушыларға қатысты сот істерінде жеңіске жеткенін мәлімдеді.
Байтеновтің ісіне қатысты сот шешімінде оның тағы бір талапкер – Асхат Құрманғалимен бірге Air Astana-ға талап қойғаны көрсетілген. Сот олардың талабын ішінара қанағаттандырып, әр талапкерге 3 984 теңгеден өсімпұл, 200 мың теңгеден моральдық өтемақы және 200 мың теңге өкілдік шығын өндірген.
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты