Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды

оооооо
Фото: Stan.kz

Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарында таэквондодан алтын ұтқан Тамерлан Тілеулес және қола жүлдегері Батырхан Төлеуғали, сондай-ақ виртуалды таэквондодан Рита Бакишева оралды. Спортшылар Алматы қаласының әуежайына келіп, халықтың ризашылығына бөленді Оқиға орнына Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі де барды.

Келген спортшылардың арасында алтын медаль ұтқан Тамерлан Тілеулес бұндай жылы қарсы алғанына дән риза екенін мәлімдеді. Жарыс кезінде оған қолдау көрсеткен Таэквондо федерациясына, отбасына және қазақ еліне алғысы. Сөзінше, оған қарсылас болғандар осал бола қойған жоқ.

“Жарыс өте жақсы өтті. Маған түскен қарсыластар қиын болды, әсіресе 2 мен 3-ші жекпе-жек Иран мен Корея елдерінің таэквандошылары болған. Финалда Филлипин елімен шығып, оны да ұтып, жеңіске қол жеткіздік және бұл біз үшін тарих болды”, – деп мәлімдеді Тамерлан Тілеулес.

Өз сөзінде алдағы уақытта болатын олимпиада мен әлем чемпионатына да қатысып, жүлделі орын үшін дайындалатынын айтты.

“Қазақстандық таэквандошылар әлемдік аренада жеңіске жете алатынын дәлелдедік деп ойлаймын”, – деп қорытындылады Тамерлан.

оооооо
Фото: Stan.kz

Қола жүлдесімен көзге түскен Батырхан Төлеуғали Спорт министрлігі мен ЦСКА таэквондо басшлығына өз алғысы жеткізді.

“Жарыс жақсы өтті, бірақ ойдағыдай болмады. Осы нәтижеге шүкір. Бірінші кезеңде мен Тайландтық таэквандошысымен шықтым, екінші қытайлық таэквандошысымен шықтым. Қытайлық алдыңғы олимпиаданың күміс жүлдегері екен. Қиынға түсті”, – деді Батырхан Төлеуғали.

Батырхан жартылай финалда тек тактикалық тұрғыдан қарсыластан жеңіліс тапқанын да жасырмады. Айтуынша, келесі жарыстарда әлсіз тұстарымен жұмыс істеп, бұдан да мықты болып оралатынын жеткізді.

 

Виртуалды таэквондодан 3-орын алған Рита Бакишева Тамерланның алған алтынына барлық таэквондошылар өздері алғандай қуанғанын жеткізді. Сөзінше, өзі бұдан да жоғары орын алуға сәл сәттілік жетіспей қалды.

“Азия ойындары өте жақсы өтті. Бұдан да үлкен жетістікке жетеміз деген ойда болғанбыз, бірақ бұйырғаны осы, бастысы алтынымыз бар, өзіміз алғандай қуанып жүрміз, барша қазақ еліне рахмет!”, – деді Рита.

Рита жарыста қарсыластары сақадай сай дайын болып келгенін тілге тиек етті. Сөзінше, Олимпиада ойындары ол үшін оңайға соқпады.

“Қиындау болды, барлығы сақадай сай дайын екен. Өзіме олармен жекпе жек қызық болды. 49 киллограмда бірінші жекпе жек филлипиндік қызбен шықтым, 1 ұпай айырмасымен ұтылып қалдым, жеңісті күндер әлі алда деп ойлаймын”, – деді Рита Бакишева.

Тамерланның жаттықтырушылары оныі бала кезден таэквондомен айналысып келе жатқанын мәлімдеді.

“Тамерлан бізге келді, содан бері тоқтаусыз дайындалды. Қазір көріп тұрғандарыңыздай, жетістікке жетіп, барша қазақ елін қуантып отыр”, – деді Тамерланның жаттықтырушысы.

XX жазғы Азия ойындары – 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтті. Бұл – Азия ойындарының 20-шы рет ұйымдастырылуы. Жарысқа 45 ел мен өңірден спортшылар қатысып, 43 спорт түрінен 469 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Қазақстан құрамасы сапында 558 спортшы өнер көрсетті. Отандастарымыз 43 спорттың 35 түрінен жүлдеге таласты. Жарыстар Аити мен Нагоядан бөлек, Токио, Осака, Сидзуока және Гифу аймақтарында да ұйымдастырылды.  Айта кетейік, бұл Азия ойындары Жапонияда үшінші рет өтті. Бұған дейін ел 1958 жылы Токиода, 1994 жылы Хиросимада жарысты қабылдаған.

Ислам Әден
Дүйсенбі, 05 Қазан, 2026 18:40