Қазақстанда екі вице-министр қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев пен энергетика вице-министрі Айдар Әбілдабеков қызметтерінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Батырбек Әбдішев 20 жылдан астам уақыт арнайы мемлекеттік органдарда қызмет атқарған. Оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен. 2024 бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін атқарған.

Сонымен қатар үкімет қаулысымен Айдар Әбілдабеков Қазақстан Республикасы сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды.
Айдар Әбілдабеков 2025 жылғы тамыз айынан бастап сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарып келген.
Еске салсақ, мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Омарбеков қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әрі Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"