Қазақстанның бірінші қорғаныс вице-министрі тағайындалды
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық шешім қабылдады. Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінде жаңа басшылар тағайындалып, бұрынғы Әділет министрі Азамат Есқараев Президент Әкімшілігіне ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Омарбеков Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әрі Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұған дейін атқарып келген қызметінен босатылды.
Омарбековтің орнына Мемлекеттік күзет қызметінде де жаңа тағайындау болды. Президент өкімімен Азамат Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне келді.
Тағы бір кадрлық өзгеріс Президент Әкімшілігінде болды. Бұрын Әділет министрлігін басқарған Азамат Есқараев Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Ол бұған дейін Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған. Сонымен қатар Бангладеш, Бутан, Мальдив және Непалдағы елші міндетін қоса атқарып келген. Мемлекет басшысының жарлығымен Есқараев осы дипломатиялық қызметтерінен босатылды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы