Жамбыл облысында оқушылар арасында төбелес болып, бір бала қаза тапты
Жамбыл облысында екі оқушы арасында төбелес болып, олардың бірі қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға Байзақ ауылында болған.
"3 қазан күні сағат 22:00 шамасында кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, соның салдарынан алған жарақатынан 2011 жылы туған жасөспірім қаза тапты", – делінген хабарламада.
Оқиғадан кейін екінші кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды.
Ол полиция бөліміне жеткізілген.
"Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі "Жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады басқарма.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада №36 мектептің оқушылары жаппай төбелесіп, оны жоғары сынып оқушылары видеоға түсіріп алғаны туралы жазғанбыз.
Алматылықтар автобус мен метродағы адамдар кептелісіне шағымданды: Әкімдік мәселені қалай шешпек
Басқарма: "Қарбалас уақытта жолаушылардың 30%-дан астамы жол ақысын төлемейді"
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
