Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мектеп оқушылардың төбелесі жанжалға ұласты

Оқушылар төбелес
Фото: Видеодан скрин

Елордада №36 мектептің оқушылары жаппай төбелескен. Оны жоғары сынып оқушылары видеоға түсіріп алған.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ата-аналар мен оқушылардың айтуынша, жанжалдан кейін мектеп әкімшілігі жоғары сынып оқушыларынан төбелес түсірілген видеоны телефондарынан өшіруді талап еткен.

Сондай-ақ оқушылар өздеріне қысым көрсеткенін айтады. Салдарынан, ата-аналардың пікірінше, мектептегі психологиялық ахуал нашарлап, балалар өздерін қауіпсіз сезінбейтін болған. Осыған байланысты олар мектеп директорын қызметінен босатуды талап етіп жатыр.

"Төбелеске қатысқандар мектепішілік есепке алынып, олармен жеке профилактикалық және психологиялық жұмыстар жүргізілді. Мектеп әкімшілігіне тәртіптік жаза ретінде сөгіс жарияланды", – деп хабарлады қалалық білім басқармасы.

Төбелеске қатысқан оқушылардың ата-аналары кәмелетке толмағандарды тиісінше тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тартылды.

Бұл оқиға бойынша полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 22 Сәуір, 2026 08:49