Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қорғаныс министрін қызметінен босатты

Қорғаныс министрі әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жіберді

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында. 

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметіне былтыр 8 маусымда тағайындалған еді. 

Ол 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 ж.), Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 ж.) және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын (2013 ж.) бітірген.

Үшарал истребительдік полкінде жойғыш-ұшқыш;

Талдықорған қаласындағы авиациялық база командирі;

Шымкент қаласындағы авиациялық база командирі;

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы;

2022 жылғы желтоқсан-2024 жылғы қыркүйек – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы;

2024 жылғы қыркүйек-2025 жылғы маусым – Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.

Әскери атағы: авиация генерал-лейтенанты (2024 жыл).

Тілді меңгеруі: қазақ, орыс.

Марапаттары: I және II дәрежелі "Даңқ", II дәрежелі "Айбын" ордендері, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалі, мерейтойлық медальдар.

Назархан Уән
Жексенбі, 27 Қыркүйек, 2026 09:22