Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сараптама "Шығыс Қаратұрын" кен орнындағы апатқа мердігердің кінәлі екенін растайды

2023 жылғы 9 маусымда "Бузачи Нефть" компаниясының "Шығыс Қаратұрын" кен орнындағы №303 ұңғымасында мердігер ұйым "Заман Энерго" ЖШС-нің технологиялық ережелерді сақтамауына байланысты газды-су қоспасы атылып, кейіннен ол ашық газ-су фонтанына айналып, арты отқа ұласты. Апаттың себептерін анықтау жөніндегі комиссияның 11.08.2023 жылғы актісі және жетекші ғылыми-зерттеуші мекеме "НИПИнефтегаз" АҚ тәуелсіз сараптамасы мердігер ұйым "Заман Энерго" ЖШС кінәсін растайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фотода 303 апатты ұңғымасы 01.11.2023 жылы түсірілген

Анықталғандай, "Заман Энерго":

  • жобалық құжаттамаға сәйкес жабдықталмаған бұрғылау қондырғысымен жұмыс жүргізген. "Заман Энерго" бұрғылау қондырғысында ұңғыманы тығындауға және шығарындыларды жоюға арналған құралдардың болмауы (шар крандары, апаттық құбырлар, жарылудың алдын алу құралдарын басқару пульті) нәтижесінде пайда болған газ-мұнай-су шығарындыларының (ГМСШ) ашық атқылауына әкеп соқтырды.
  • ұңғыма құрылысының технологиялық процестерін, оның ішінде өнімді горизонтты ашу және одан әрі тереңдету кезінде бақылауды қамтамасыз етпеді.
  • апатқа дейінгі жағдайларды дер кезінде анықтау және ГМСШ болдырмау мақсатында бұрғылау құралын көтерер алдында ұңғыманы шаймаған.
  • "Заман Энерго" қызметкерлерінің ГМСШ анықтау және алдын алу ережелерін және ұңғыма сағасын герметизациялау және оны тығындау бойынша білімнің жоқтығы, сондай-ақ жарылудың алдын алу құралдарын басқару пультін пайдалану ережелерін білмеуі.
  • бұрғылау жұмыстары кезінде көтерілген (түсірілген) бұрғылау құбырларының көлеміне сәйкес ұңғымаға құйылған (ығыстырылған) бұрғылау ерітіндісінің көлемін бақыламаған, сондай-ақ, бұрғылау ерітіндісіндегі газдардың концентрациясының көрсеткіштерін бақыламаған.

Апат болғаннан бері "Заман Энерго" ЖШС оның салдарын жоюға қаржылық немесе техникалық тұрғыда қатысқан жоқ. Қазіргі уақытта апатты жою бойынша барлық шығындарды "Бузачи Нефть" ЖШС жалғыз көтеріп келеді. Мұнай-газ саласы мамандарының бағалауынша, бұл күрделілігі ең жоғары деңгейдегі апат. Себебі, №303 ұңғыма кенеттен газ немесе су атқылауға бейім сор, батпақты аймақта орналасқан. Осы фактіні ескере отырып, апатты жою жөніндегі штаб апатты жоюдың ең тиімді және қауіпсіз жоспарын әзірледі. 12 қазанда №305-Н (1305м) қиғаш-бағыттағы ұңғыманы және №302 (1220 м) тік ұңғыманы бұрғылау аяқталды. 13 қазаннан бастап осы екі ұңғыма арқылы жұмысшы газ қабатын суға толтыру және оқшаулау мақсатында тұрақты, күнделікті су айдау жүргізіліп келеді. 09.11.2023 жылғы жағдай бойынша 40 000 м3 астам су айдалды, нәтижесінде апатты ұңғымадан газдың бөлінуі айтарлықтай төмендеді, соның салдарынан жалынның қарқындылығы төмендеді. Жұмысшы газ қабатын су басқаннан кейін апаттық ұңғыманың сағасын жабу процедурасы басталады.

Фотода 303 апатты ұңғымасы 01.11.2023 жылы түсірілген

"Бузачи Нефть" компаниясы республикалық, облыстықдеңгейде мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істейді және жақын арада апатты жоюды жоспарлап отыр.

Талқылау