Самұрық-Қазына басшыларының саны екі есе қысқарды
“Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат Қорында”АҚ басқарушы директорлар, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелердің саны азайды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа құрылымға сәйкес, басқарушы директорлар саны 10-нан 5-ке дейін, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелер саны 37-ден 27-ге дейін қысқартылды және басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бір штаттық бірлігі енгізілді.
Өзгеріс мақсаты – басқарудың оңтайлылығы (мобильділігін) мен тиімділігін арттыру. Міндет – “Самұрық-Қазына” қорының трансформациясы процесіне терең үңілу, активтерді басқаруда сатылы құрылым енгізу және қор құрамына кіретін ұлттық компаниялардың экономикалық тиімділігін арттыру.
Жаңа құрылым биыл 11 қаңтардан бастап қызмет етеді.
Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы – әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын холдинг. Холдингтің негізгі құрылтайшысы және иесі Қазақстан Республикасының Үкіметі. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.
Тағы оқыңыз:
Оқушыларға берілетін тапсырманың қаншалықты жеңілдейтіні белгілі болды
Америкалық дәрігерлер Трамптың ақыл-есінің дұрыстығын тексеруін талап етті
Google Путинді әлі болмаған президент сайлауының жеңімпазы деп хабарлады
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін