Самара – Шымкент тасжолында жол-көлік апатынан 6 адам қаза тапты
Самара-Шымкент тас жолында болған жол апатынан алты адам қаза тапты, екеуі жарақат алды. Жол-көлік оқиғасы түн ортасы кезінде Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңындағы жолдың 1046 шақырымында орын алды, деп мәлімдеді Ақтөбе облысының полиция департаменті. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қырғызстан республикасының азаматы Honda Fit көлігінің 32 жастағы жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғыны басқарған LADA Largus көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан LADA Largus көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы, сондай-ақ Honda Fit көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. "Honda Fit" көлігінің жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Ырғыз кентінің орталық аудандық ауруханасына жеткізілді”, – деп мәлімдеді полиция.
- Қызылорда облысында жол апатынан бес адам көз жұмды: Олардың екеуі балалар
- Жоғары жылдамдықпен келген көлік қаққан: Атырау облысында қойлардың өліміне қойшы кінәлі деп танылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі