Қызылорда облысында жол апатынан бес адам көз жұмды: Олардың екеуі балалар
Самара-Шымкент жол трассасында сейсенбі күні таңертең жол апаты болып, салдарынан 5 адам көз жұмды. Қызылорда облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, жолдың 1713-ші шақырымында таңғы сағат үш шамасында Жалағаш ауданының Таң ауылы маңында екі көлік соқтығысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
"1995 жылы туған жүргізуші басқарған Toyota Camry мен 1980 жылы туған жүргізуші басқарған Daewoo Nexia көлігінің соқтығысуынан оқиға орнында екі жүргізуші мен Daewoo Nexia жолаушылары көз жұмды", – деп хабарланды ТЖД-дан.
Барлығы бес адам көз жұмған, олардың екеуі балалар.
Жолаушылар – Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғындары, 2 ересек пен 2012 және 2016 жылдары туған екі бала.
Атырау – Орал тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам ажал құшты
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіге таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды
Астана тұрғыны үйіне келген соң балаларының жанында ұйықтап жатқан жалаңаш ер адамды көрген
Балалардың әкесі өзін қорғауға мәжбүр болған