Жоғары жылдамдықпен келген көлік қаққан: Атырау облысында қойлардың өліміне қойшы кінәлі деп танылды
Атырау облысында жеңіл көлік 24 қойды таптап өтті. Бірақ апат үшін ұсақ малды тас жолдың үстімен айдап өткен қойшы жауапқа тартылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға таңертең Атырау–Ақтөбе тас жолының 400 шақырымында болды. Жантерек ауылының малын өріске айдап шыққан малшы тас жолды кесіп өтпекші болған. Осы сәтте жоғары жылдамдықпен келген көлік тежегішін басып үлгермей, қойларды қаққан. Жүргізушінің өзі дін аман. Тек көлігі бүлініпті.
Болған оқиғаға қойшы кінәлі деп танылды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Ал ұсақ малдың иесіне келтірілген материалдық шығын 1 миллион 200 мың теңге.
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіге таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды
Астана тұрғыны үйіне келген соң балаларының жанында ұйықтап жатқан жалаңаш ер адамды көрген
Балалардың әкесі өзін қорғауға мәжбүр болған