Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев Шымкентте жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстандық әнші, танымал "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев жаңа қызметке орналасты. Ол Шымкент қалалық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әншінің қызметі туралы жаңалық Шымкент қаласының мәдениет бөлімінің Instagram парақшасындағы жарияланды. Сәкен Майғазиев желіде жаңалығымен бөлісті. 

"Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Есенова Ханзада Әзімханқызының өкімімен "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК директорының міндетін атқарушысы болып Майғазиев Сәкен Қордабайұлы тағайындалды", - делінген жазбада. 

Сәкен Қордабайұлы 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.

1993 ж. Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде "Соқпалы аспаптар және эстрада әншісі" бөлімі бойынша білім алған.
1997 ж. Т.Жүргенов атындағы "Өнер" академиясының "Эстрада әншісі" бөлімі бойынша білім алған.

2001 жылдан бастап "МузАРТ" тобының мүшесі болып тағайындалды.

2012 жылдан бастап - Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз қызметін атқарды.

2018-2020 жж. аралығы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

Сәкен Қордабайұлы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы марапаттарының иегері.

Талқылау