Саясаттанушылар: "Әділет" партиясының кандидаты теледебатта жан-жақты пысықталған бағдарламаны ұсынды

Саясаттанушылар Данияр Әшімбаев пен Эдуард Полетаев "Әділетті болашақ үшін" сайлауалды бағдарламасындағы білім беру саласына қатысты бастамаларды жоғары бағалады. Сарапшылардың пікірінше, Құрылтай депутаттығына кандидат Рауан Кенжеханұлы екінші ұлттық теледебатта таныстырған ұсыныстар білім беру, ғылым және жасанды интеллектіні болашақ экономикасының негізгі тірегіне айналдыруға бағытталған жүйелі көзқарасты айқын көрсетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құрылтай депутаттарының сайлауына үш аптаға жуық уақыт қалды. 5 тамыз күні "Жетінші арна" телеарнасының тікелей эфирінде өткен екінші ұлттық теледебатқа жеті саяси партияның өкілдері қатысты. Пікірсайыс барысында партия өкілдері білім беру мен ғылым саласындағы бағдарламаларын таныстырып, жүргізушілердің сауалдарына жауап берді, сондай-ақ өзара сұрақ алмасты. Қатысушылардың әрбір сөзі мен жауабына бөлінген уақыт қатаң шектеулі болды.
"Әділет" партиясының атынан Саяси кеңес бюросының мүшесі әрі "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы сөз сөйледі. Ол өз баяндамасын "Әділетті болашақ үшін" сайлауалды бағдарламасының үш негізгі бағытына арнады. Атап айтқанда, сапалы білімнің баршаға қолжетімді болуы, инновациялар мен технологиялардың қозғаушы күші ретінде ғылымды дамыту және адам игілігіне қызмет ететін цифрлық трансформация мәселелеріне тоқталды.
“Бүгінде мемлекеттердің қуаты ең алдымен білім, ғылым және технологиялар арқылы айқындалады. Мемлекет басшысы ұсынған Әділетті Қазақстан идеясын жүзеге асырудың негізі де осы салаларды дамыту. Біздің міндетіміз – озық технологияларды ел игілігіне қызмет ететін күшке айналдыру”, – деді Рауан Кенжеханұлы теледебат барысында.
Рауан Кенжеханұлы ең алдымен әрбір балаға тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасалуы қажет екеніне тоқталды. Осы мақсатта партия алдағы бес жылда балабақшаларда 79 мың жаңа орын, ал мектептерде 300 мың оқушы орнын ашуды ұсынып отыр.
Екінші бағыт – қолданбалы ғылымды дамыту. Бұл ретте партия ғылыми әзірлемелерді өндіріске жедел енгізу үшін еліміздегі 20 жоғары оқу орнының базасында технологиялар трансфері орталықтарын ашуды ұсынады. Мұндай орталықтар ғылыми жаңалықтардың жаңа технологияларға негіз болып, заманауи жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.
Үшінші басымдық ретінде Рауан Кенжеханұлы цифрлық трансформацияны атады. Оның айтуынша, жасанды интеллект, цифрлық сервистер мен инновациялық шешімдер ең алдымен халықтың өмір сапасын арттыруға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға бағытталуға тиіс.
Саясаттанушылар: "Әділет" партиясы өкілінің сөзі мазмұндылығымен ерекшеленді
Саясаттанушылар Данияр Әшімбаев пен Эдуард Полетаев екінші ұлттық теледебатқа қатысқан жеті саяси партия өкілдерінің баяндамаларын талдап, олардың бағдарламаларының мазмұнын, қатысушылардың келтірген уәждерінің негізділігін және сөз сөйлеу деңгейін бағалады.
Данияр Әшімбаевтың айтуынша, "Әділет" партиясы өз жұмысын әуел бастан жасанды интеллект пен цифрландыру тақырыбына бағыттап келеді. Оның пікірінше, бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру, экономика және мемлекеттік басқару салаларына озық технологияларды енгізуге бағытталған ұстанымымен үндес. Негізгі мақсат – жастарды болашақ мамандықтарына бейімдеп, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
“Сондай-ақ бағдарламада дәстүрлі құндылықтар да қамтылған. Атап айтқанда, академиялық адалдық, тең мүмкіндіктер, мектепке дейінгі және мектептегі білім беру жүйесінде мыңдаған жаңа орын ашу көзделген. "Әділет" партиясы еліміздің барлық өңірінде Сәтбаев атындағы инженерлік мектептер, ІТ-мектептер, Жәутіков атындағы математика мектебі мен Абай атындағы гуманитарлық мектептер желісін, сондай-ақ математиканы тереңдетіп оқытатын өңірлік STEM-сыныптар желісін ашуды ұсынып отыр. Оқушылардың оқу сауатын дамытудың ұлттық жүйесін қалыптастыру да маңызды бағыттардың бірі”, – деді Әшімбаев.
Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың пікірнше, білім беру мәселелері бойынша партия атынан спикер ретінде Рауан Кенжеханұлының таңдалуы кездейсоқ шешім емес. Сарапшының айтуынша, Рауан Кенжеханұлы еңбек жолында заманауи цифрлық технологияларды білім беруді дамыту мен білімге қолжетімділікті арттырудың тиімді құралына айналдырған бірқатар жобаны жүзеге асырған.
“Білім беру саласы – әркім өзін білікті маман санайтын сала. Алайда дәл "Әділет" партиясы саяси кеңесінің мүшесі Қазақстанда заманауи технологияларды көпшілікке қолжетімді білім берудің тиімді құралына айналдырған бірқатар жобаны әзірлеуге атсалысты. Президент 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағандықтан, оның бұл бағыттағы тәжірибесінің маңызы тіптен артып отыр”, – деді эксперт.
Полетаев партияның көпшілік алдында сөз сөйлеп жүрген тәжірибелі спикерлер құрамына да назар аударды. Оның пікірінше, дәл осы құрамның арқасында "Әділет" сайлау науқанының әр кезеңінде өз ұстанымын сенімді түрде таныстырып келеді.
“Жалпы, басқа партиялармен салыстырғанда "Әділеттің" құрамында тәжірибелі әрі білікті спикерлер көп. Сондықтан пікірсайысқа кәсіби деңгейде сөйлеп, өз ұстанымын нық жеткізе алатын өкілдерді шығару оңайырақ. Соңғы жарияланған алдын ала әлеуметтік сауалнамалар да партияның өзге саяси күштерден айтарлықтай алда келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, Қоғамдық саясат институтының зерттеуіне сәйкес, респонденттердің 67,3 пайызы "Әділетке" дауыс беруге дайын екенін айтқан. Бәлкім, партия өкілдеріне нық сенім мен батылдық беріп тұрған да осы шығар”, – деді Эдуард Полетаев.
Сарапшының пікірінше, бұл теледебат қатысушылардың дайындық деңгейіндегі айырмашылықты анық көрсетті. Бірі нақты бастамалар мен деректерге сүйенсе, енді бірі жалпы сипаттағы мәлімдемелермен ғана шектеліп, уәделерін қалай жүзеге асыратынын нақты түсіндіре алмады.
Жаңа экономиканың негізі – білім
Рауан Кенжеханұлы теледебат барысында көтерген бастамалардың басым бөлігі "Әділетті болашақ үшін" сайлауалды бағдарламасында нақты жазылған. Бағдарламаның негізгі бөлімдерінің бірі білім беру, ғылым және цифрлық технологияларды дамыту арқылы Қазақстанды жаңа экономикаға бейімдеуге бағытталған.
"Жаңа экономика мен келешектің кәсіптеріне дайын ел болсын. Кемі 5 миллион қазақстандыққа – мектеп оқушыларынан, студенттерден бастап еңбек етіп жүрген ересектерге дейін – жасанды интеллектімен жұмыс істеуді үйретеміз. Мектеп бағдарламасына жасанды интеллект негіздерін енгіземіз. AI-Sana бағдарламасы арқылы жоғары оқу орнын тәмамдаған әр түлектің жасанды интеллектіні меңгеруіне сеп боламыз. Ересектерді келешектің кәсіптеріне бейімдеп, жаппай қайта даярлау бағдарламасын іске қосамыз. Ірі қалалармен ғана шектелмей, еліміздің барлық өңірінде жасанды интеллектіні оқып-үйренуге баршаға бірдей мүмкіндік жасаймыз", – делінген құжатта.
Бұдан бөлек, партия академиялық адалдықты білім беру жүйесінің негізгі қағидатына айналдыруды, білім сапасына бірыңғай стандарттар енгізуді, тәжірибеге негізделген оқыту аясын кеңейтуді, сондай-ақ мектептерде жасанды интеллект негіздері мен алгоритмдік ойлауды міндетті оқытуды ұсынып отыр.
Дайындаған:
"Әділет" партиясының баспасөз қызметі.
"Әділет" партиясы" ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?