Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбиді тоңазытқышқа салып тірідей өлтірді: Айыпталушыға қатысты сот жалғасып жатыр

Сәбиді тоңазытқышқа салып тірідей өлтірді деп айыпталған дәрігерлерге қатысты сот жалғасып жатыр. Сотталушы, перзентхананың бұрынғы директоры Қуаныш Нысанбаев тілшілерді соттағы ақпаратты бұрмалайды деп айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

(Суретте куәгер Әскербек Ермұхашов)

Сондай-ақ шетінеген сәбидің 26 апталық болып шала туғанын бірде-бір БАҚ жарияламады. Осылайша ел ішінде қоғамдық резонанс туды деп ашуланды. Судья Қуаныш Нысанбаев пен қорғаушысына ақпаратты бұрмалаған БАҚ өкілдеріне өз тараптарыңыздан шағымдануларыңызға болады деп тоқтау айтып, куәгерді тыңдауға көшті. 


Бұл жолғы куәгер сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Әскербек Ермұхашев. Сотталушылардың қорғаушылары куәгерді төрт күн тыңдап нақты жауап ала алмадық деп сот залында шу шығарды. Алайда, куәгер жан-жақты тергеу бойынша жауап беріп тұрмын деп айтты. 

Дегенмен судья кейбір сараптама қорытыныдысының іс материалдарына тіркелмегенін сұрады. Куәгер сараптама институты ол қорытындыларды бізге бермеді деді. 

"Жан-жақты тергеу әрекеті зерделеніп, обьективті баға берілді. Сарапшылар сараптамалыры тартылды, куәгерлердің жауаптары тыңдалып, тергеу әрекеті, қаулылар бар", - деп түсіндірді Әскербек Ермұхашов. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Атырауда жаңа туған сәбиді тоңазытқышқа салып өлтіргені туралы ақпарат тараған.

Талқылау