Алматылық көкек ана сәбиін арыққа тастап кетті
Алматыда анасы баласын су ағатын арыққа қалдырып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"Бүгін, түнгі бірде алматылық тұрғын арықтан баланы тапты. Белгілі болғандай, жаңа туылған нәрестені Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы бойындағы арықта дәрменсіз күйде қалдырып кеткен. Куәгер оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды. Бала денсаулығы мен күтімін бақылау үшін ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі баланың биологиялық анасының орналасқан жерін анықтау және полицияға тапсыру үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде", - делінген ресми хабарламада.
Алматы полициясы қамқор азаматтарды нәрестенің биологиялық анасы туралы кез-келген ақпарат болған жағдайда бұл туралы полицияға дереу хабарлауға шақырады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады