Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Желдібай
Фото: akorda.kz

Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол мемлекет басшысының көмекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

Еске салсақ, 2026 жылдың қаңтарында президент Тоқаев баспасөз хатшысы Руслан Желдібайды қызметінен босатып, орнына Айбек Смадияровты тағайындаған еді. 

 Руслан Желдібай 37 жаста, Жамбыл облысының тумасы.

Еңбек жолын "Қазақстан" телеарнасында бастаған, кейін "Алматы" телеарнасында жұмыс істеген. Одан соң мемлекеттік ақпараттық саясат саласында және Президент Әкімшілігінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2022 жылдан бастап бірнеше рет президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, сондай-ақ көмекші және кеңесші қызметтерін де атқарды.

2025 жылдан бастап Халықаралық дзюдо федерациясы комиссиясының директоры ретінде тіркелген, ал 2026 жылы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамына енген.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 21 Мамыр, 2026 19:54