Парламентте Дариға Назарбаеваның вице-президенттікке келу ықтималдығы сөз болды

Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында мәжіліс депутаты Абзал Құспан журналистердің Дариға Назарбаеваның вице-президент лауазымына тағайындалу-тағайындалмау туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс депутаты вице-президенттікке әйелдің тағайындалуы әбден мүмкін екенін айтты. Алайда үміткерге қатысты ешқандай нұсқа жоқ екенін атап өтті.
“Вице-президент, президент немесе басқа да республикалық деңгейдегі басшылық лауазымдарға нақты бір мамандық бойынша арнайы талап қойылмайды. Талаптар тек салалық бағыттарға қатысты болады. Мысалы, әділет министрі заңгер болуы керек, ал ауыл шаруашылығы министрі осы сала бойынша маман болуы тиіс", – деді Абзал Құспан.
Ол сондай-ақ әлеуметтік желіде адамдар әртүрлі үміткерді талқылай алатынын, бұл қалыпты жағдай екенін және елде сөз бостандығы бар екенін айтты.
ОқыңызАлайда мәжіліс депутаты Айдос Сарым “Дариға Назарбаеваның Қазақстанның вице-президенті болуы мүмкін” деген пікірлерге жауап беріп, бұған ешқандай негіз жоқ екенін айтты.
"Менің ойымша, Дариға Нұрсұлтанқызының уақыты өтті. Ол жеткілікті деңгейде, былайша айтқанда, токсик саясаткер. Бірақ сонымен қатар ешкім оған қоғамдық немесе саяси қызметпен айналысуға, қандай да бір партияға мүше болуға тыйым сала алмайды. Дегенмен, мәселе – саяси партиялардың оны өз қатарында көргісі келе ме, жоқ па, сонда. Сондықтан оның вице-президент немесе премьер-министр болуы мүмкін дегенге мүлде сенбеймін. Елде бәріміз “Дариға Нұрсұлтанқызы, келіп бізді түзеңіз” дейтіндей не болуы керек екенін білмеймін. Мен ондай ештеңе көріп тұрған жоқпын", – деді депутат.
Сондай-ақ депутатқа “Қазақстан Халық кеңесі құрамына ДариғаНазарбаеваның кіре ала ма?” деген сұрақ қойылды.
"Оған ол не үшін керек? Сіздер оны жаман өмір сүріп жатыр деп ойлайсыздар ма”, – деп қысқа қайырды Айдос Сарым.
Бұған дейін Forbes Women Kazakhstan журналының сәуір айындағы санында Қазақстанның ең бай 25 әйелінің алғашқы рейтингі жарияланды. Рейтингте Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен үлкен қызы Дариға Назарбаева көш бастады.
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр