Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында кішкентай қызды зорламақ болған зейнеткер тұтқындалды

Рудный қаласының полицейлері 65 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол кәмелет жасқа толмаған қызды зорлмақ болған, деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Полицияда мәлімденгендей, 7 желтоқсан күні 41 жастағы әйел адам полицияға арызданып, белгісіз ер адамның 6 жасар қызын зорламақ болғанын айтқан.

Ертесінде полиция қызметкерлері қызды зорламақ болды деген күдікпен 65 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Қарт ер адамға қатысты ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлімі (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта күдікті Рудный қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жұмыстарының толықтығын қамтамасыз ету мақсатында тергеп-тексеру амалдары жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды тұрғыны әлеуметтік желіде фашистік белгіні насихаттағаны үшін сотталды

ІІД баланы педофилден қалай қорғау керек екенін айтып берді

Қазақстанның 4 бірдей өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сенбі күні еліміздің кей өңірлерінде боран тұрып, көктайғақ болады

Талқылау