Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды тұрғыны әлеуметтік желіде фашистік белгіні насихаттағаны үшін сотталды

Қарағанды тұрғыны әлеуметтік желіде алауыздық тудыратын теріс пиғылды хабарламалар мен суреттерді бөлісу арқылы фашистік свастиканы нысихаттағаны үшін 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу нұсқасы мен сот шешімі бойынша, 38 жастағы ер адам неонацизмнің жақтасы болып, өз айналасында фашистік идеяны белсенді түрде насихаттап келген. Қарағанды облысы ІІД қызметкерлері ер адамды тауып, қылмыстық жауапкершілікке тартты.

«Іс материалдары бойынша анықталғандай, ер адам қылмыстық әрекетін іске асыру үшін  «ВКонтакте» әлеуметтік жесілісндегі жеке парақшасын пайдаланған. Ол желіде ұлтаралық және нәсіларалық алауыздық туғызатын жазбалар жариялап отырған. Бұл ретте фашистік свастика бейнеленген туды қолданыпты», – деп жазылған сот шешімінде.

Сотталушы әлеуметтік желіде шетелдік желілік қоғамдастықтың жазбаларын бөлісіп отырған.

Сот 38 жастағы қарағандылық тұрғынды ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлімі (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша кінәлі деп мойындап, 4 жыл 8 ай мерзіміне бас бостандығынан айырды. Қазіргі уақытта құқық қорғаушы органдар осы тәрізді қылмыстық әрекеттердің алдын алу мақсатында тиісті шаралар жүргізуде.

Оқи отырыңыз:

ІІД баланы педофилден қалай қорғау керек екенін айтып берді

Қазақстанның 4 бірдей өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сенбі күні еліміздің кей өңірлерінде боран тұрып, көктайғақ болады

Шымкентте полиция автокөлігі 247 мың теңгеге сатылымға қойылды

Талқылау