Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенбі күні еліміздің кей өңірлерінде боран тұрып, көктайғақ болады

Оңтүстік циклон мен онымен байланысты ауа ағымдарының әсерінен сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Еліміздің кей өңірлеріне қар қалың түседі. Жекелеген аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болып, боран тұрады, жел күшейеді.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, боран тұрады. Желдің күшеюі секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Екпіні секундына 23-28 метр болады. Ал облыстың оңтүстік батысында жел секундына 30 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұл өңірлерде боран тұрып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысында жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Кей жерлерде боран тұрып, көктайғақ болады.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктйғақ болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге күшейеді.

Павлодар облысында күндіз кей жерлерде боран, көктайғақ болад. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей аймақтарда боран тұрады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді. Күндіз және түнде кей жерлерде тұман тұтады.

Атырау облысында түнде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.

Батыс Қазақстан облысында тұман тұтады.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте полиция автокөлігі 247 мың теңгеге сатылымға қойылды

Елімізде әйелін тастап, баласына алимент төлемейтін намазхан жігіттер көбейген

Шымкентте 8 жасар баланы зорлаған 10-сынып оқушысы жазадан сытылып кетті

Павлодарда апалы-сіңлілі қыздарды қағып кеткен трамвай жүргізушісі сотталды

Талқылау