Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІД баланы педофилден қалай қорғау керек екенін айтып берді

Қостанай облысында жан түршігерлік жағдай орын алды. 29 жастағы ер адам қыз баланы зорлады деп күдіктелуде. Қыз бала күдіктіні үйінде жиі көріп тұрған екен. Ол қыздың туған ағасының досы болып шықты.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Оқиға орын алған күні күдікті туысының өтініші бойынша келгенін айтқан. Ағасы қарындасына тексеруге алып баруын сұраған екен-мыс. Ер адам қызды такси көлігіне отырғызып, алдын ала жалданған мейманхана бөлмесіне алып барыпты. Ағасының досы сол жерде қызды жәбірлеген екен. Мұнан кейін қызды вокзалға алып келіп, автобусқа отырғызып, үйіне жіберген.

Полицияның айтуынша, көбіне отбасының таныс адамдары балаларға зорлық көрсетеді екен. Олар балаға ұзақ уақыт телміріп қарап, өз жоспарларын құрады. Сондықтан бала сенім білдіре алатын адамдар тізімін белгілеп қойған дұрыс.

«Үйде жаттығу жасап көрген тиімді болар еді. Ата-ананың бірі таныс адамның рөлін сомдап, баланы тескеріп көреді. Бала онымен сөйлесе ме, бірге кете ме тексеру қажет», – дейді Қостанай облысы ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанның 4 бірдей өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сенбі күні еліміздің кей өңірлерінде боран тұрып, көктайғақ болады

Шымкентте полиция автокөлігі 247 мың теңгеге сатылымға қойылды

Елімізде әйелін тастап, баласына алимент төлемейтін намазхан жігіттер көбейген

Талқылау