Роза Әлқожа танылған соң елді менсінбей кететін әншілер туралы айтты
Жас өнер иесі танылғанға дейін жанын салып еңбектенеді, ал танылған соң жұлдыз боп кетеді! Бұл елді әсем даусымен тербеп жүрген Роза Әлқожаның пікірі. Әншінің айтуынша, танымалдылықты көтере білу де бір өнер.
Елге белгілі болудың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы Роза Әлқожа “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
“Жас кезде адам танымалдылыққа жету үшін бәріне дайын тұрады. Қаншама түс көріп, түсінде елдің қошеметін аңсап, соған қалай да жетсем деп еңбектенеді. Бірақ танымал болғаннан кейінгі мәселе маңызды сияқты. Өзіңді сақтау деген нәрсе бар. Әбіш Кекілбаевтың Асанәлі Әшімовке айтқан сөзі бар екен: “Халық сені жақсы көріп, мойнына моншақ қылып тағуға дейін барады. Сен сол кезде моншақ боп кетпе. Халық бір рет иілсе, сен он рет иіл. Халыққа қызмет ет”, – деген.
Сол сияқты халық сені алақанына салып, мәпелеп, қошемет көрсетіп отырғаннан кейін соған лайық жауапкершілік бар. Соған лайық киім киюің керек, елдің ықыласына бөленетін дұрыс сөз, дұрыс ән айтуың керек. Халықтың көңілінен шығатын дүние жасау керек екен. Ал енді танылып алғаннан кейін, елді менсінбей кету – ол танымалдылықтың екінші жағы”, – деп ағынан жарылған Роза Әлқожа әйгілі болудың жақсы жақтары да көп екенін атап өтті.
Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981
Жіберіп алмаңыз:
Ұлттық нақышта киініп, қазақи ән салған Айдана Меденова тыңдарманын таңғалдырды (видео)
Джах Калиб қазақстандық әншілердің неге шетелде тез танылатынын түсіндірді
40 мың доллар: Қайрат Түнтеков атышулы жол апатының қарызынан енді құтылды