Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“РОП операторы” басшысының ісі: Сот Назарбаеваның бұрынғы үй қызметшісіне қатысты үкім шығарды

"РОП операторының" негізін қалаушы Шынар Мұқтароваға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты тұңғыш президенттің кенже қызы Әлия Назарбаеваның бұрынғы үй қызметшісі және "РОП операторының" негізін қалаушы Шынар Мұқтароваға қатысты атышулы сот процесіне нүкте қойды.

Бір айға созылған сот отырысынан кейін судья Мұқтарованы 7 жылға шартты түрде, қауіпсіздігі орташа мекемелерде өтеу жазасына кесті.


Прокурор "РОП операторының" бұрынғы басшысын шартты түрде соттауды сұрады


Айта кетейік, бұрынғы құрылтайшы тергеу басталғаннан бастап үкім шығарылғанға дейін Әлия Назарбаеваның дивиденд төлеуге қатысты алаяқтыққа қатысқанын ешқашан айтпаған.

Еске сала кетейік, 20 қазанда Астанада РОП Операторының экс-басшысына қатысты басты сот отырысы басталған еді.

10 қазандағы алдын ала сот отырысында Мұқтарованың адвокаттары сотталушының тергеу барысына бұдан былай әсер ете алмайтынын алға тартып, оны үйқамаққа ауыстыруды сұрады.

Алайда судья Ибрагим Әлкенов Мұқтарованың сотқа дейінгі тергеу органдарынан жасырынып жүргенін, 2022 жылы маусымда халықаралық іздеуге жарияланғанын және кейін БАӘ-ден экстрадицияланғанын еске салды.

Мұқтароваға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының 3-бөлігімен "Қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы" және ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен "Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жымқыру" деген айып тағылып отыр. Ол аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінген. Іс бойынша жәбірленуші ретінде "Оператор РОП" ЖШС және "Жасыл даму" АҚ компаниялары танылған.

Талқылау