Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рим папасы ұйғырларды "қудаланған халық" деп атады

Рим папасы Франциск Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Шыңжаң Ұйғыр автономиясы ауданында қоныстанған ұйғыр этникалық тобын қаналған халық деп атады, деп хабарлайды CNN-ға сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қудаланған халықтар жайлы жиі ойлаймын: рохинджа, ұйғырлар, езидтерді ДАИШ-тің оларға жасаған қастандығы, Мысыр, Пәкістанда шіркеуде дұға жасап жатқан жерден бомбадан қаза тапқан христиандар жайлы ойланамын", - дейді Франциск "Армандайық: жарқын болашаққа жол" атты жаңа кітабында. Бұл кітап 23 қарашада тұсауы кесілді. 

Қысқа ғана атап өткенмен, Рим папасы ұйғырларға қатысты басқа мәселелерді ашып жазбайды. Алайда қудаланға басқа да этникалық топтар, соның ішінде рохинджа жайлы толығырақ айтып өтеді. 

Өз кезегінде, сейсенбіде өткен баспасөз брифингінде сөйлеген Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицян Рим Папасы Францисктің ұйғырларды қудаланған халықтар тізіміне қосуы "мүлдем негізсіз" деп мәлімдеді.

"Қытайда 56 этникалық топ бар, ал ұйғыр этникалық тобы - қытай ұлтының үлкен отбасының тең құқықтарға ие мүшесі. Қытай үкіметі әрдайым азшылық топтарына бірдей қарады және олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғады", - деді ол.

Талқылау