Режеп Тайып Ердоған Тоқаевтың шақыруымен Астанаға келеді
13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

Айта кетейік, бұған дейін 15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтетінін жазған едік.
Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.
Перзентханада суретке түскен қазақстандық 4 сәби 20 жылдан соң Threads арқылы бір-бірін тапты
Ол төрт баланың 20 жылдан кейін қайта табысуын ерекше оқиға деп санайды
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"