Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда белгісіз тұнба ішкен үшінші ер адам көз жұмды

тұнба ер адам көз жұмды
Фото: magnific.com

Петропавлда белгісіз тұнбаны ішкен үшінші ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дәрігерлер 75 жастағы зейнеткердің өмірі үшін бір аптадан астам уақыт күресті. Алайда қатты уланғандықтан құтқарып қала алмады.

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда Жедел медициналық көмек көпбейінді қалалық ауруханасы ауруханасының мәліметінше, үш ер адам демалыс күндері улану белгілерімен түскен. 

“Оларды алып келгендердің айтуынша, ер адамдар түскі уақытта қайдан алынғаны белгісіз тұнбаны ішкен. Үшеуінен де бірдей белгілер байқалған: тыныс алуы қиындап, айналасындағылармен байланыс орнату қабілеті бұзылған. Ал олардың бірінде бірнеше рет құсу болған. Өкінішке қарай, науқастардың екеуі қайтыс болды. Бірі ауруханаға түскен күні, екіншісі үшінші тәулікте көз жұмды. Үшінші ер адамның жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысып жатыр”, – деді аурухана өкілдері. 

Дәрігерлер өзге тұрғындарға осындай жағдайдан сақ болуға шақырды. 

 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026 08:05