Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде азаматтардың несиелері мен депозиттері де ескеріледі
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау кезінде отбасының кірісімен қатар, банктік несиелері, депозиттері және қаржылық операциялары да есепке алынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік көмектің нақты мұқтаж отбасыларға берілуін қамтамасыз ету мақсатында оны тағайындау және төлеу қағидаларына отбасының қаржылық жағдайын бағалауға қатысты қосымша өлшемшарттар енгізілген.
"Атап айтқанда, азаматтардың банктік несиелері мен микрокредиттері, банк шоттары бойынша шығыс операциялары, сондай-ақ жинақ жарналары мен депозиттері ескеріледі. Бұл өзгерістер отбасының материалдық жағдайын тек ресми кірістеріне қарап қана емес, сонымен бірге шығыстары мен қолда бар қаржылық ресурстары негізінде де бағалауға бағытталған", – делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар отбасылардың материалдық жағдайын бағалау тәртібі де жетілдірілген. Бұл мақсатта ақпараттық жүйелердің деректерін пайдалану және учаскелік комиссиялардың жұмысын цифрландыру шаралары қарастырылған.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, аталған өзгерістер әлеуметтік көмекті шынымен мұқтаж отбасыларға тағайындауға мүмкіндік береді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жеке деректерін тексеруге келісім бермегендердің жәрдемақысы тоқтатылатыны туралы жазған едік.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"