Астанада жалға алушы пәтерді босатуды сұраған үй иесін соққыға жыққан (видео)
Астанада жалға алушы пәтерді босатуды сұраған үй иесіне шабуылға жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, 22 жастағы жалға алушы баспананы уақытында босатпаған. Соның салдарынан үй иесімен арасында жанжал туындаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Желіде жарияланған видеода жігіттің балағат сөздер айтып, болған жағдайды телефонға түсіріп тұрған қызға тап бергені көрінеді.

Астана қалалық полиция департаменті күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталғанын хабарлады.
"Пәтер иесімен арада туындаған жанжал кезінде ол қызға дене жарақатын салып, оның ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан. Полиция денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жалғасып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ ер адам балағат сөздер айтқаны үшін сот шешімімен 30 тәулікке қамалды.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа бергені, алайда соттың істі қараудан бас тартқаны туралы жазған едік.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"