Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы балабақшада 1,5 жасар бала күйіп қалған: Қылмыстық іс қозғалды

Науқас бала
Фото: istockphoto.com

Астанада балабақшада бір жарым жастағы баланың күйік жарақатын алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 2 қазанда болған. Бала ыстық сорпаға күйіп қалып, денесінің 10%-ы үшінші дәрежелі күйік алған.

Баланың анасының айтуынша, балабақша өкілдері оқиғаға өздерінің қатысы барын жоққа шығарған.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

"Балабақша қызметкерінің "кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, қазір зерделеніп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында балабақшада жарақат алған 3 жасар қыз мүгедек болып қалғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 27 Қазан, 2026 20:50