Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресми: Бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді

2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына бокс қайта енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144 сессиясында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты қосу туралы шешім қабылданды.

Бастапқыда бұл спорт түрі 2022 жылдың ақпанында 2028 жылғы Олимпиада ойындарының жарыс бағдарламасынан шығарылған еді. Себебі, Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) мен ХОК арасында мәселер туындаған болатын.

Алайда ХОК 2023 жылы жаңа әуесқой бокс ұйымын құрды. World Boxing ұйымына төраға болып Геннадий Головкин тағайындалған еді. Қазақстандық былғары қолғап шебері әлеуметтік желіде бокстың төрт жылдықтың басты додасындағы жарыста болатынын қуанышпен хабарлады.

Өз кезегінде Олимпиадалық комитет басшысы Томас Бах боксты бағдарламада сақтап қалғаны үшін алғыс білдірді.

“Сонымен қатар мен World Boxing атты жаңа федерацияны құттықтағым келеді. Бүгін бізбен бірге президент – Борис Ван дер Ворст және World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы, Олимпиада жүлдегері, бірнеше дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті – Геннадий Головкин. Қош келдіңіздер, мырзалар! Құттықтаймыз! Лос-Анджелесте өтетін керемет бокс турнирін асыға күтеміз”, – деді Томас Вах.

Талқылау