Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейліктер келген соң пәтер бағасы көтерілген: Ақтауда пәтер жалдау құны 250 мың теңгеге жетті

Қазақстанға Ресей азаматтар легі ағылған соң республиканың бірнеше қаласында пәтерді жалдау бағасы күрт көтерілген еді. Ақтауда пәтер жалдау бағасы 20 пайызға өскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пәтер

Lada.kz порталының мәліметінше, қаладағы пәтерді жалға алу құны қымбаттаған. Olx.kz және krisha.kz сайттарында жарияланған хабарландыруларға сүйенсек, қазір қалада бір бөлмелі пәтерді жалдау құны күніне 20 мың теңгеге жетеді. Ал мұндай баспананы бір айға жалға алу 250 000 теңге тұрады.

Сондай-ақ осы аптада Ақтауда пәтер жалдау ақысы 20 пайызға өскені хабарланды. Тіпті Ақтауға келген ресейліктер үшін Telegram чаттары пайда болды.


"Ондай қаражатты қалтамыз көтермейді": Ресейден келген азаматтардың күрт көбеюінің кесірінен Ақтөбеде студенттер баспанасыз қалды 


Айта кетейік, жақында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тұрғын үйді жалға беру нарығын реттеу мәселелерімен айналысып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ сарапшылар көрші Ресейден келгендердің легі тағы артса, инфляцияға кері әсер етуі мүмкін екенін айтқан еді.

Талқылау