Ресейлік вакцина қатерлі ісікпен ауыратындарға қауіп төндіреді: Нұсқаулықта жаңа ескерту пайда болды

Ресейлік Sputnik V вакцинасына қатысты нұсқаулықта жаңа ескерту пайда болды. Sputnik V вакцинасын қатерлі ісікпен ауыратын науқастар қолданған кезде өте сақ болу керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қазіргі таңда препараттың қатерлі ісікпен ауыратындарға қалай әсер ететіні туралы нақты ақпараттар болмағандықтан, қауіпті болуы мүмкін деген болжам жасаған. 

"Ақпараттың жеткіліксіздігіне байланысты вакцинация аутоиммундық аурулармен ауыратын науқастар ға қауіпті болуы ықтимал. Иммундық жүйені ынталандыру аурудың өршуіне әкелуі мүмкін, әсіресе аутоиммундық патологиясы бар науқастар ауыр дамуға бейім, және өмірге қауіп төндіретін жағдайларға, сақтықпен қарау керек. Әсіресе, қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға қауіпті", - делінген нұсқаулықта.



Бұған дейін Боткин ауруханасының дәрігері Sputnik V вакцинасының жанама әсерлерін тізімдеген.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпанда басталатыны айтқан болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр