Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін көз жұмды: Министрлік түсіндірді

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болған қазақстандық туралы ақпаратты денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін Facebook-те Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны вакцинадан кейін қайтыс болды деген хабарлама пайда болды.

"Осы жылы 19 қаңтарда қан қысымының көтерілуіне байланысты 1978 жылы туылған адам қайтыс болды. Ол ешқандай вакцина алмаған. Маңғыстау облысына осы уақытқа дейін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина жеткізілмеген. Вакцинаның алғашқы партиясын облысқа жеткізу 2021 жылдың 28-29 қаңтарына жоспарланған", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Оның айтуынша, бірінші кезекте инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмек, жан сақтау, алғашқы медициналық көмек, жедел жәрдем бөлімдерінің медициналық қызметкерлеріне, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлеріне вакцина салынады. 

"Қайтыс болған азамат аталған санаттардың ешқайсысына жатпайды", - деп атап өтті Ержан Байтанаев.

Ол жалған ақпарат таратқан адам ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қасақана жалған ақпарат тарату үшін 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге ақысыз шектеу немесе айыруға жазаланады деп еске алды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр