Ресейлік биші қазақ ақынына ғашық болып қалғанын мойындады
Ресейлік биші Анастасия Волочкова қазақстандық режиссер әрі ақын Хаким Булибековқа ғашық болып қалғанын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz.
Айта кетейік, олар Таиландта бірге демалған еді.
Ресей жұлдызы Instagram парақшасында Хаким Булибековпен Пхукеттегі Натай жағалауында түскен суретін жариялап, ғашықтығын мойындады.
“Менің қымбаттыларым… Пхукет ғажайыптар мен махаббатқа толы болды. Мен қазақ ақыны Хаким Булибековке ғашық болып қалдым. Ол мені өзінің поэзиясы мен мол позитивімен басымды айналдырып алды. Не істейін? Мен тойымыздың Парижде болғанын қалап едім. Енді, Пхукетте неге өткізбеске?”, – деп жазды ол.
Бишінің оқырмандары болса оның сезімін әр түрлі қабылдап жатты.
“Настя, қу болыңыз, сырларыңызды барлығына бірдей айта бермеңіз. Шыны керек, сіздің бұрынғы жігітіңізбен салыстырғанда мына ақын маған ұнады. Патшайымның жанында патша болуы тиіс”, деп жазды Елена Сергеева есімді желі қолданушысы.
“Біресе молавандық, біресе қазақ, мүлде жолыңыздан тайдыңыз”, деді Юля Куземенская.
Бұдан бұрын олардың бірге түскен суреттері желі қолданушылары арасында дау туғызып еді.
Тағы оқыңыз:
Айнұр Тұрсынбаева: Айдаладағы жезөкшелерді неге насихаттауым керек?
Сиви Махмудидің жобасын Нұржан Керменбаев қамқорлығына алды
Оразбеков: Ерболат 91 тобын құрып, “Орданың” жұмысын тоқтатуды он жыл бұрын жоспарлаған
“Қазақтың Моцарты” атанған Рахат-Би Әбдісағын туралы не білеміз