Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмудидің жобасын Нұржан Керменбаев қамқорлығына алды

Нұржан Керменбаев – продюсер! Иә, қанатының астына жас әншіні алған қара бала, қарапайым қарашаға тағы бір қырымен танылмақ. Бірақ, «Қапкарашканың» қазіргі жобасы, бұрын Махмудидің орталығында еңбектенген болып шықты. Бұл жігіт кезінде Сивиді сан соқтырып кеткен өнерпаздардың бірі емес пе екен?!

сиви нуржан 060418

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Шыны керек жобаларымнан шаршадым. Бірінші рет  айтып тұрмын. Бүкіл ойым, жүрегім, уақытым барлығы сол жобаларыма кететін. Арасында түсінбей, мінез көрсететіндер бар. Сонымен бәріне сабақ болсын деп, барлығын қазір жібердім”, – деген еді Сиви.

Сиви құрған «Саламат» тобында ән салып, кейін продюсермен ат-құйрығын үзіскен жігіттің бірі дәл осы – Нұрман Арыстан есімді әнші. Махмудидің кешегі жобасы, бүгінде Керменбаевтың қол астында қызмет етуге келген. Ал, қара баланың қарамағына өткен өнерпаз бұрынғы басшысының пікіріне қарсы.

“Ол әңгіменің маған қатысы жоқ шығар. Өйткені, мен жақсы кеттім ғой ол кісіден. Көп жұмыс жасаған жоқпыз ол жерде. Бір бейнебаян түсірілді”, – дейді Нұрман Арыстан.

Ал, Нұржан Керменбаев Сивидің продюсер ретінде жіберген қателігін айтты.

“Әркімнің стилі әр түрлі. Жұмыс жасау бағыт-бағдары әр түрлі. Сондықтан, мұндай проблемалардың туындауы бастапқы кезде психологиялық әңгімелердің жүрмеуінен деп ойлаймын”, – дейді ол.

Нұржан мен Нұрман қазіргі таңда келісімшартты дайындауда. Продюсерлікке белсене кіріскен Керменбаев мансабының жемісті боларына сенімді.

“Продюсерлік – үлкен бір жауапкершілікті талап ететін жұмыс екенін білеміз. Сондықтан таразыға салып, салмағын өлшеп, сөйтіп дайындалып келген дүние екенін айтқым келеді”, – дейді Керменбаев.

Жұмысқа білек сыбана кіріскен Керменбаев, жаңа жобасына алғашқы бейнебаян да таспалап үлгеріпті. Ырғақты ән «Мария» деп аталады.

Тағы оқыңыз: 

Оразбеков: Ерболат 91 тобын құрып, “Орданың” жұмысын тоқтатуды он жыл бұрын жоспарлаған

“Қазақтың Моцарты” атанған Рахат-Би Әбдісағын туралы не білеміз

Болманов: Мен біреуді түзеу үшін ешқашан қолыма қамшы алмас едім

Қазақ келінін қалады: Аиша ата-енесінің өзін қалай қабылдағанын айтып берді

Талқылау