Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ келінін қалады: Аиша ата-енесінің өзін қалай қабылдағанын айтып берді

Танымал әнші Бүркіттің жары Аишаның ұлтына қатысты ел арасында сұрақ көп. Жақында Бүркіт отандық арнаға берген сұхбатында ел көкейіндегі сауалға жауап берген еді. Ол Аишаның қанында бірнеше ұлттың, атап айтқанда орыс, өзбек және хакас ұлтының қаны бар екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ал Аиша алғаш келін болып түскенде ата-енесінен қатты қорыққанын жасырмайды. Себебі Бүркіттің ата-анасы қазақ қызын келін етіп түсіруді армандапты. Бұл туралы Аиша Comode басылымына берген сұхбатында айтты.

«Күйеуімнің ата-анасы данагөй кісілер. Шынымды айтсам, олармен танысатын кезде қорықтым. Ұнамайтын шығармын деп ойладым. Бүркіттің әкесі өте қатал әрі әділетті адам, өзі полковник. Ал анасы ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Анасы да, әкесі де мені жақсы қабылдады. Бірақ әкесі кейде қатал дауыспен сөйлегенде жылап қалатынмын. Әскери адам болғандықтан ол үшін қалыпты нәрсе, ал мен үшін жоқ. Өзім жылауықпын. Жасыратыны жоқ, ұлдарының қазақ қызына үйленгенін қалады. Бірақ уақыт өте келе бәріміз де ұлттың маңызды емес екенін түсіндік. Ал салт-дәстүрді үйренуге тырысамын. Халық дәстүрлерін, асханадағы әдет-ғұрыпты анасынан үйренемін. Ол кісілер Таразда тұрады. Біз оларға, олар бізге жиі келіп тұрады. Бүгінде сегіз немересі бар. Бүркіт – үйінің кенжесі», – деп ағынан жарылды Аиша.

Аиша Қарағанды облысының, атышулы Майқұдық ауданында дүниеге келгенін атап өтті. Айтуынша, бүгінде ол жақта атасы мен әжесі тұрады.

«Сондықтан да барым тұрамын. Екеуі де 80-ге жақындап қалды, бірақ күш-қуаттары толы адамдар. Ешқайда көшкілері келмейді. Ал анам екеуміз мен 14 жаста болғанда Алматыға көшіп келгенбіз», – дейді Аиша.

Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын отасқан жұптың Зейін және Омар есімді қос ұлы бар. Жақында Бүркіттің отбасы тағы бір жанмен толықпақ.

Оқи отырыңыз: 

Сүйіктісін әр аймақтан іздеген Ерке Есмахан бейтаныс жігітпен көзге түсті

Жасы келген қазақ ақынының қасында аяғын көтеріп суретке түскен ресейлік бишінің басы дауға қалды

Алмас Кішкенбаев ажырасқаннан кейін мұңға батты

Дуэт болған Ақбота мен Қуандық Рахым әннің сөзін ұмытып, сахнада тоқтаусыз күлді (видео)

Танымал әнші қазақ күйеуінен қалай таяқ жегенін айтып берді (видео)

Талқылау