Ресейдің екі қаласынан Оралға жүретін автобус қатынасы қалпына келтірілді
28 қыркүйекте тоқтатылған Оралдан Самара мен Толяттиге автобус қатынасы 1 қазанда қалпына келтірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.

Самара облысында "Маштаково" шекар заставасында кезекте тұрған белгісіз біреулер қарапайым автобусты аударып жіберіп, жүргізушіге қауіп төндірген.
“Ертең Самара мен Тольяттиден Оралға бір автобус рейсі ашылады. Біз де өз кезегімізде әзірге Самара мен Тольяттиге бір ғана рейс ашамыз. Әрі қарай уақыт көрсетеді”, – деді Талғат Бисекенов.
Автовокзал басшысы қазір шекара жолындағы дүрбелеңге байланысты жолаушыларға қауіп төніп тұрғанын айтқан болатын.
Еске салсақ, 29 қыркүйекте Самара мен Тольятти бағытында Оралға қатынайтын автобустар тоқтатылған болатын.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"