Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында криптовалюта пирамидасының бөлімшесін ұйымдастырған азамат сотталды

криптовалюта
Фото: Видеодан скрин

Қарағанды облысында қатысушыларға виртуалды дүкендер сатып алуды ұсынып, күн сайын табыс табуға уәде еткен "CVK" қаржы пирамидасының бөлімшесін ұйымдастырған азамат сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарағанды облысында "CVK" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған С.Ш. Қайырбаев мүлкі тәркілене отырып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Тергеу барысында жобаға қатысушыларға құны 49 мыңнан 120 мың цифрлық долларға дейінгі виртуалды дүкендерді сатып алу ұсынылғаны анықталды.

Цифрлық доллар болатын криптовалютамен салынған. Оның орнына қатысушыларға күн сайын табыс және жаңа салымшыларды тартқаны үшін қосымша бонустар уәде етілген.

Алайда виртуалды дүкендерде көрсетілген тауарлар іс жүзінде болмаған. Ал жоба бойынша табыс жаңа қатысушыларды тарту және олардың ақша салуына тікелей тәуелді болған.

Салымшылардың қаражаты USDT (цифрлық доллар) түрінде OKX платформасы (криптовалютаны сатып алу, сату және аударуға арналған онлайн-платформа) арқылы электронды әмияндарға аударылған. Жедел іс-шаралар арқасында жалпы көлемі 474 мың цифрлық доллар, яғни шамамен 212 миллион теңге болатын криптоактивтер бұғатталды. Сот үкімімен аталған цифрлық активтер мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық микроқаржылық ұйым 70 адамның атына заңсыз несие рәсімдегені туралы жазған едік.

2026 жылғы 4 ақпанда белгісіз тұлға микроқаржы ұйымы арқылы Қазақстан Республикасының азаматының атына заңсыз несие рәсімдеген. Анықталғандай, жәбірленуші онлайн несие алу үшін өзінің биометриялық деректерін ұсынбаған. Оның орнына алаяқтық жолмен үшінші тұлғаның деректері пайдаланылған.

Айым Атамбаева
Жұма, 18 Қыркүйек, 2026 10:00