Қазақстандық микроқаржылық ұйым 70 адамның атына заңсыз несие рәсімдеген

Батыс Қазақстан облысында микроқаржылық ұйымы алаяқтық жолмен 70 адамға заңсыз онлайн несие рәсімдеген. Олар басқа микроқаржы ұйымы арқылы деректерді енгізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратураның мәліметінше, қазір осы факттерге байланысты қылмыстық істер тергеліп жатыр.
“2026 жылғы 4 ақпанда белгісіз тұлға микроқаржы ұйымы арқылы Қазақстан Республикасының азаматының атына заңсыз несие рәсімдеген. Анықталғандай, жәбірленуші онлайн несие алу үшін өзінің биометриялық деректерін ұсынбаған. Оның орнына алаяқтық жолмен үшінші тұлғаның деректері пайдаланылған.
Сондай-ақ ұқсас жағдайларда басқа микроқаржы ұйымы арқылы белгісіз тұлғалар азаматтың атына заңсыз несие рәсімдеп, қаражатты дропперлердің шоттары арқылы басқа тұлғаларға аударған. Микроқаржы ұйымдары арқылы жасалған қылмыстық әрекеттерден 70 азамат зардап шеккен”, – делінген хабарламада.
ОқыңызОсыған байланысты прокуратура азаматтарды сақ болуға және жеке деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады