Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Автобусты аударып, жүргізушіні қыспаққа алған": Оралда Ресей қалаларымен автобус қатынасы уақытша тоқтатылды

Орал қаласының автовокзал басшысы Талғат Бисекеновтың айтуынша, жақында ғана оларға Ресейден әріптестері телефон соғып, Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайға байланысты жолаушылардың қауіпсіздігі үшін Орал – Самара және Орал – Тольятти бағытындағы автобустарды тоқтатып жатқанын мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап. 

автобус

Автовокзал басшысы қазір шекара жолындағы дүрбелеңге байланысты жолаушыларға қауіп төніп тұрғанын айтты.

“Әріптестеріміздің айтуынша, белгісіз біреулер олардың автобусының бірін аударып, жүргізушіні қыспаққа алып, қауіп төндірген. Сондықтан жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қызмет тоқтатылды. Біз де өз кезегімізде хабарламаны қолдаймыз. Бірақ әзірге тек бір күнге – 29 қыркүйекке ғана Самара мен Тольятти бағытында автобустар тоқтайды. Ал Саратов пен Орынборға автобустар бұрынғыдай қатынайды”,- деді Талғат Бисекенов.

Ал шекарада жағдай ушығып барады. Көлік ағынының көбейгені сонша  жолдың қарсы бағытында да, бейтарап аумақта да орын жоқ. Салдарынан қазақстандық бекеттерде елден шығу үшін кезек пайда болған. Осыған орай 27 қыркүйекте "Сырым" бекетінде ауыр жүк көліктерінің жеті шақырымға созылған кезегі тіркелді. 



Ресей жақтан елге бағыт алған қазақстандықтар да бірнеше күннен бері кезекте тұрып, атамекеніне кіре алмай жүр.

“Жағдай өте қорқынышты. 3-4 күн тұрып, бәрінің жүйкесі жұқарған. Биліктің неге әрекет етпейтіні белгісіз. Олар не күтіп отыр? Алдымен өзіміздікі өтсін, алыстан келе жатқан жүк тасушылар өтсін. Такси жүргізушілеріне шекараға баруға тыйым салу керек. Олар кезекке тұру үшін бет жыртысуға дайын. Жұрттың бәрі шаршады”,- дейді Орал қаласының тұрғыны Әлия.

Талқылау